"Нұр Отан" партиясы депутаттыққа үміткерлер тізімін жариялады

Фотография - "Нұр Отан" партиясы депутаттыққа үміткерлер тізімін жариялады

Партиялық тізімде бірқатар спортшы, әнші мен мәдениет саласының өкілдері бар.

292 0

"Нұр Отан" партиясы жариялаған тізімге 127 үміткер енгізілген. Бұл депутаттыққа ұсынылғандардың 30-ға жуығы бұған дейінгі, 5-шақырылымдағы мәжілістің депутаттары. Партиялық тізімде бірқатар спортшы, әнші мен мәдениет саласының өкілдері бар. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Партиялық тізімге саясаткерлер Дариға Назарбаева, Гүлшара Әбдіхалықова, Нұрлан Нығматулин, Ахметжан Есімов, Мәулен Әшімбаев, Гүлжан Қарағұсова, Қуаныш Сұлтанов, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Даниал Ахметов, Сергей Кулагин, Алик Айдарбаев, Зағипа Балиева, Бекболат Тілеухан енген.

Айта кетейік, тізімде спортшылар арасында Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев, әншілерден Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, актер Нұрлан Әлімжанов пен журналист Артур Платонов бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!