Ми-2 бортында Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов болған

Фотография - Ми-2 бортында Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов болған

Полицияның дерегінше, ұшу коммерциялық негізде болған

2374 0

Жамбыл облысында өртеніп кеткен Ми-2 тікұшағының бортында аймақтың прокуроры Ернат Сыбанқұлов болған, деп жазды Today.kz ҚР ІІМ көлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Зардап шеккен ұшқыш Валерий Михин алдын ала төленген коммерциялық ұшу жүргізгені нақтыланды.

"Сенбі, 23 қаңтарда, тікұшақ пилоты және "Тараз Жаңа Алем" ЖШС жетекшісі В. Михин алдын ала төленген коммерциялық ұшу жүргізген. Тікұшақта пилоттан өзге үш жолаушы болған, соның ішінде Жамбыл облысының прокуроры  Е. Сыбанқұлов. Аңшылық жасалмаған, орынды қарау кезінде ешқандай жануардың денесі табылмаған", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша,  ұшу кезінде тікұшақ қозғалтқышында қысым түсіп кетіп, түтіндеген. Пилот жедел қонуға мәжбүр болып, салдарынан тікұшақ құлаған. Содан кейін ер адам тікұшақты өзі өшірмек болған,  денесін 50 пайыз күйік шалған..

Тікұшақ ұшқышының халі нашар.  Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

"Түскен кездегі диагнозы – күйік шалу ауруы. Оның беті, басы және аяқ қолы І-ІІ-ІІІ дәрежел шамамен 50 пайыздай күйік шалған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда кешкісін, болжаммен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы тікұшақтың құлағындығы жөнінде ақпарат түскен болатын. Артынша бұл ақпарат расталды. Сонымен қатар белгілі болған тағы бір жайт, Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар жұмыс жасауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!