Оңтүстік Қазақстанда күн электр станциялары салынады

Фотография - Оңтүстік Қазақстанда күн электр станциялары салынады

ОҚО-да облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев пен Венгрияның "South Kaz Solar Konzortium" инвестор-компаниясының өкілдері кездесті

566 0

ОҚО-да облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев пен Венгрияның "South Kaz Solar Konzortium" инвестор-компаниясының өкілдері кездесті. Басқосуда тараптар облыстағы 200 гектар аумаққа қуаттылығы 170 МВт болатын күн электр стансасын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жоспарға сәйкес, күн электр стансасы Шымкент, Түркістан және Кентау қалаларынан салынбақ. Бір жылдың 300 күні сәулелі болатын Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи климаттық жағдайды ескере отырып жасалған аталған күн жылыту жүйесі жылумен қамтудың жылдық отын шығынын 25-30 пайызға, ыстық су жүйесінің шығынын 50-70 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыруға бағытталған қаржының көлемі 200-210 млн. Еуроны құрайды. Инвесторлар күн сәулесі батареяларының тауарларын 3500-ға жуық контейнермен әкеліп, оларды ОҚО аумағына орналастыруды жоспарлап отыр. Күн электр стансасы жобасын жүзеге асыруға жергілікті жас мамандар тартылмақ. Венгерлік кәсіпкерлердің айтуынша, күн электр стансасының құрылысына қатысатын жас энергетиктер болашақта оны қосуда қиналмайтын болады.

Жиын соңында, тараптар ынтымақтастық меморандумына қол қойып, облыс халқын электр энергиясымен қамту арқылы энергетикалық тәуелсіздікке бірлесе жетуге ымыраласты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!