Украинадан Қытайға жөнелтілген поезд Қазақстан аумағында "жоғалып" кетті

Фотография - Украинадан Қытайға жөнелтілген поезд Қазақстан аумағында "жоғалып" кетті

Контейнерлік поезд уақытынан кешігуде

365 0

"Жібек жолымен" Еуропадан Ресей аумағын айналып өтіп, Қытайға бару керек болған контейнерлік поезд 15 қаңтар күні Украинадан шыққан, алайда ол уақытынан кешігуде. "Қазақстан темір жолы" операторларының баспасөз қызметі поездің қазір қай жерде деген сұраққа жауап бере алмады, тек поездің  "республика аумағымен келе жатқанын " ғана жеткізді.

Қазақстан мен Қытайдың шегарасындағы "Достық" станциясында поездің келмегенін айтады. Ал, жергілікті көлік компаниялардың біріндегі мәлімет көзі поездің 30 қаңтар күні Қарағанды облысының Балқаш станциясында  "ол ақысы төлебенгендіктен" тоқтатылып тұрғанын айтады. Бұл ақпаратты ресми түрде әлі ешкім қуаттаған жоқ.

Мұның алдында Ақтау теңіз портының әкімшілігі 22 қаңтарда пароммен Бакуден шыққан поезд 23 қаңтарда Ақтауға келгенін хабарлаған. Ол сол күні ары қарайғы бағыт бойынша жіберілген.

Бағыт Украина шегарасындағы Изов станциясынан Қазақстан-Қытай шегарасындағы Достық станциясына дейін деп құрсатырылған. Ол Қара теңіз бен Каспий теңізінен пароммен өтеді (Ильичевск - Батуми мен Алят - Ақтау-Порт). Үш тәуліктен кейін поезд Грузияға жету керек, кейін жермен – Әзірбайжанға, ары қарай Каспий арқылы Қазақстанға және республика аумағымен – Қытай шегарасына дейін жету керек. Күрделі логистикаға қарамастан ол екі аптада діттеген орнында болу керек болған.

Поезд құрамында жиырма вагон бар, ол проуедуралық қағаз толтырулар мен мәселелі тұстарды анықтау үшін бағытты жүксіз өту керек болатын.

14 қаңтарда Украина, Әзірбайжан, Қазақстан мен Грузия осы бағыт бойынша жүк тасымалдауға жеңілдігі бар тариф орнату бойынша протоколға қол қойған.

Мұның алдында хабарланғандай, Ресей салған эмбаргоға байланысты Украина өз тауарын Қазақстанға және Азияның өзге елдеріне транзитының өзге жолдарын қарастырмақ. Сонымен қатар, 2015 жылдың желтоқсан айында Украина мен Қытай Ресейді айналып өтетін жаңа "Жібек жолын" салматыны белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!