Сенаторларға Шымкентте ұсталған Төлешевтің ісі айқын болмай тұр

Фотография - Сенаторларға Шымкентте ұсталған Төлешевтің ісі айқын болмай тұр

Парламентарилердің пікірінше, істің барысы туралы ақпарат айқын болуы керек

826 0

Today.kz сұрауы бойынша ҚР Сенат Парламентінің жекелеген депутаттары Шымкенттегі арнайы операция барысында ірі бизнесмен Тоқтар Төлешевтің ұсталуы туралы пікірін білдірді. ҚР ІІД мәліметінше, сот рұқсат берген тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінті кезінде қару мен есірткі заттары және нақтыанбаған әдебиет табылған, оларды тексеру бойынша сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы туралы сенаторлардың сөзі.

Ольга Перепечина, ҚР Сенат Парламентінің Қаржы мен бюджет комитетінің мүшесі:

- Бұл істің мән-жайына тергеу жетеді. Сондықтан, бұл істе қарапайым адамға түсініксіз сұрақтар көп екені түсінікті. Бірақ бұл уақыт еншісінде, көрерміз.

Владимир Редкокашин, ҚР Сенат Парламентінің әлеуметтік-мәдени және ғылым комитетінің мүшесі:

- Бір жақты нақты жауап бере алмаймын, өйткені күдіктілерге тағылатын айыптар туралы егжей-тегжейлі білмеймін. Бизнеске қатысты айыптар тағатын кезде өте мұқият болған жөн. Сосын меніңше, ақпаратты таратып отырған жөн. Бәрі де айқын болуы керек. Өйткені, ақпараттанып отырған кезде сұрақтар туындамайды.

Владимир Бобров, ҚР Сенат Парламентінің конститутциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша комитеттің мүшесі:

- Қазақстанның барлық азаматтары дәрежесіне қарамастан – ірі бизнесмен болсын немесе саяси қайраткер – барлығы да заңмен жүру керек. Мен Шымкентте болған жайтқа байланысты пікір білдіре алмаймын, өйткені бар ақпарат БАҚ-та ғана бар, ал одан қару, есірткі мен әдебиет тәркіленгені бойынша, оны сараптама анықтар. Сондықтан тергеу ұсынған нәтижені күтіп, сосын ғана бір шешімге келуге болады.

Естеріңізге салсақ, ұсталған бизнесмен Тоқтар Төлешев иесі болып келетін кәсіпорында өздерінің және кәсіпорынның болашағына алаңдаулы. Көптеген қызметкерлер 2015 жылдың желтоқсандағы айлығын тек 2016 жылдың қаңтарының ортасында алған. ал болған жайттан кейін ұжым төлемнің кешігетінінен алаңдаулы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!