"Жоғалып кеткен" украиндық поезд Достық станциясына келіп жетті

Фотография - "Жоғалып кеткен" украиндық поезд Достық станциясына келіп жетті

Украинадан Ресейді айналып өтіп келген поезд ары Қытайға өтеді

541 0

Украинадан Қытайға жол тартып, Қазақстан аумағында "жоғалып кеткен" поезд Алматы облысының Достық станциясына келді, деп жазады Today.kz теміржол станциясының әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.

"Поезд қазір бізде тұр, ол бүгін келіп жетті. Құжаттары рәсімделуде, жақында жолға шығады. Поезд уақытында, ақаусыз жетті", - деп хабарлайды Достық станциясынан.

Айта кетейік, ресейлік БАҚ Украинадан шыққан, 15 қаңтар күні Ресейді айналып өтіп Еуропадан Қытайға  жаңа "Жібек жолы" арқылы жету керек болған контейнерлік поезд құрамы Қазақстан аумағында жоғалып кетті деп жазған болатын. ТАСС агенттігінің жазуынша поезд 30 қаңтардан бері Қарағанды облысының Балқаш станциясында тоқтап тұрған.

Мұның алдында хабарланғандай, Ресей салған эмбаргоға байланысты Украина өз тауарын Қазақстанға және Азияның өзге елдеріне транзитының өзге жолдарын қарастырмақ. Сонымен қатар, 2015 жылдың желтоқсан айында Украина мен Қытай Ресейді айналып өтетін жаңа "Жібек жолын" салматыны белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!