Ханчжоудағы "G-20" саммитіне Мемлекет басшысының қатысуы мәселелері талқыланды

Фотография - Ханчжоудағы "G-20" саммитіне Мемлекет басшысының қатысуы мәселелері талқыланды

Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Н. Назарбаевтың "G-20" саммитіне қатысуға шақыру үшін алғыс білдірді

125 0

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (министрдің орынбасары деңгейінде) Ли Хуэйлаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 ж. қыркүйек және ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің 2015 ж. желтоқсандағы сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Н. Назарбаевтың "G-20" саммитіне қатысуға шақыру үшін алғыс білдірді. Бұл мықты және өскелең мемлекетті құру жолында Мемлекет басшысының ерекше рөлін тану екенін атап өтті.
Сондай-ақ, әртүрлі халықаралық ұйымдар мен құрылымдар шеңберінде әрекеттесу мәселелері талқыланды. Қазақстан-қытай жан-жақты стратегиялық әрептестіктің жоғары серпінін сақтау мақсатында жоғары мен ең жоғары деңгейдегі тұрақты саяси байланыстарды сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
"Нұрлы жол" Жаңа экономикалық саясат және "Жібек жолының экономикалық белдеуі" қытайлық бастаманы ұштастыру, екі елмен жүзеге асырылудағы Индустрияландыру және инвестициялар бағдарламасына қатысып жатқан кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар туғызу, сондай-ақ практикалық ынтымақтастықтың жаңа салаларын кеңейту бойынша толық пікір алмасу өтті.
Ли Хуэйлай екі ел арасындағы әрекеттесудің жоғары деңгейін, ҚР мен ҚХР басшыларының қарым-қатынастарының достық сипатын, сондай-ақ Н. Назарбаевтың қазақстан-қытай жан-жақты стратегиялық әріптестікті даму жолына қосқан жеке үлесін атап өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!