Украиналық поезд Қазақстанда ақы мәселесімен тұрып қалған

Фотография - Украиналық поезд Қазақстанда ақы мәселесімен тұрып қалған

ҚТЖ экономикалық мәселе мен заңнаманы жетекшілікке алғанын баса айтуда

301 0

"Қазақстан темір жолы" АҚ  "жоғалып кеткен" украиндық поездқа байланысты жағдай туралы айтып берді, деп жазады Today.kz. Ұлттық тасымалдаушы 31 қаңтарда Достық станциясына келіп жеткен контейнерлі поезд оған дейін екі тәулік Жаңарқа станциясында тұрғанын қуаттады. ҚТЖ-да тоқтап тұруды экономикалық мәселелермен байланыстырды.

""KTZ Express" АҚ мультимодальды операторы ҚР "Темір жол көлігі туралы" заңын жетекшілікке ала отырып, эксперементалды поеді екі күнге Жаңарқа станциясына тоқтатуға шешім қабылдады", - делінген хабарламада. Компанияның түсіндіруінше, заң нормасына сай жүк тасымалдаушы, экспедитор ақыны алдын ала төлеуі қажет болған. Сәйкес ақысы төленген соң контейнерлі поезд жолға қайта шыққан.

Эксперименталды контейнерлі поезд "Транскаспийлік халықаралық көліктік бағыт" жобасы аясында жөнелтілген.

Айта кетейік, ресейлік БАҚ Украинадан шыққан, 15 қаңтар күні Ресейді айналып өтіп Еуропадан Қытайға  жаңа "Жібек жолы" арқылы жету керек болған контейнерлік поезд құрамы Қазақстан аумағында жоғалып кетті деп жазған болатын. ТАСС агенттігінің жазуынша поезд 30 қаңтардан бері Қарағанды облысының Балқаш станциясында тоқтап тұрған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!