Заңдастыру бойынша өтініштерді қарау мерзімі асып кеткен жайлар көп

Фотография - Заңдастыру бойынша өтініштерді қарау мерзімі асып кеткен жайлар көп

Бүгінгі Үкімет отырысында бірқатар өңір Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сынына ілікті.

177 0

Оның айтуынша, заңдастыру бойынша өтініштерді қарау мерзімі межелі уақыттан асып кеткен жайттар жетіп артылады. "Мұндай жағдай әсіресе Алматы облысы мен Астана қаласында жиі кездеседі", - деді ведомство басшысы.

Жекешелендіру жайы Үкімет үйіндегі талқылаудың негізгі өзегі болды. Мүлікті заңдастыру жұмыстарының барысы, аяқ алысы туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жан-жақты ақпарат берді. Қой жылының аяғына дейін 428 млрд теңге заңдастырылған. 2015 жылдың желтоқсанында жекешелендіруге байланысты жаңа заңнама күшіне енген болатын. Жаңа шарт өз жемісін беруде. Осылайша, 2 айда 160 млрд теңге заңдастырылып үлгерген.

 Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
 - Жоспарды бүгін бекіттік. Ары қарай барлық өңірлермен, орталық, жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық банкпен тиісті жұмыс жүргізетін боламыз. 2 айдың ішінде біршама қаражат түсіп жатыр. Жалпы сомасы 600 млрд-тан асты.

Қаржы министрі қарқынды жұмыс істеп жатқанын алға тартады. Соңғы 4 айда 700-жуық мақала жарияланған. 1500 сюжет телеарналарда шығып, 1600 жиын өткен.

 Сұлтанов бірқатар банктерді жұршылықты ақпараттандыруда ақсап тұрғанын айтып, сын қырына алды. Сонымен қатар, Премьер-Министр бірнеше облыс басшыларының есебін тыңдады. Жекешелендіру мәселесі бойынша жиынның енді айына бір рет өтетінін жеткізді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!