Маңғыстау облысы әкімінің төртінші МӨЗ салу идеясы қолдау таппауда

Фотография - Маңғыстау облысы әкімінің төртінші МӨЗ салу идеясы қолдау таппауда

Әзірге әкімнің көзқарасын қытайлықтар ғана қолдауда

187 0

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев аймақта мұнай өндіру зауытын салу ұсынысына қолдау жоқтығын айтуда. Сонымен бірге, ол жобаға ҚХР инвесторлары ғана қызығушылық танытып отырғанын жеткізді, деп жазады Today.kz.

"Маңғыстау облысында төртінші МӨЗ салуда мені ешкім қолдамайды. Қытайлықтар қолдау білдіруде, өйткені олар перспектива көріп отыр, олар алысқа қарайды", - деді Айдарбаев ОКҚ-дағы брифинг барысында.

Алик Айдарбаев МӨЗ салу бойынша технико-экономикалық негіздеме даярланған соң, мұны "жаһандық деңгейде қоюға болатынын" айтады. Сонымен бірге, ол елдегі мұнай секторындағы ҚХР үлесін соншалықты үлкен деп есептемейді.

Сондай-ақ, Айдарбаев "жергілікті билікпен жүргізген сауатты қызметтесу саясаты" үшін Қытай компанияларына алғысын білдіретінін айтты.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың ақпанында Айдарбаев Маңғыстау облысы мұнай өңдеу зауытын салуға ең қолайлы жер екенін айтқан. 2016 жылдың қаңтарында Қостанай облысы Лисаковскте МӨЗ салу ойын білдірген. 2015 жылдың қазанында қалада "Лисаковск мұнай өңдеу зауыты" кәсіпорыны тіркеліп қойылған. Әңгімен құны 180 миллиондық жоба жайында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!