Әскери полигондар халық мүддесіне пайдалануға берілді

Фотография - Әскери полигондар халық мүддесіне пайдалануға берілді

2015 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойған

563 0

Белгілі болғандай, 2015 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жамантау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарының пайдаланылу мен жалға берілу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл келісімге дейін Ресейдің Қазақстан аумағында жалға алып жүрген әскери полигондардың жалпы ауданы 11 миллион га жерді құрады. Нәтижесінде жалға берілуден шығарылып, Қазақстанның аумағына 1,6 миллион га жер телімі берілді. Мұнда пайдалы қазбалардың коммуникациялары мен кен орны орналасқан.

Қайтарылатын қазақстандық жер телімдерінде Қазақстанның экономикалық мүддесіне пайдалану жоспарланып отырған пайдалы қазбалар бар. Сонымен, жер телімдерінің бір бөлігі "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көліктік дәліздің құрамына кіретін «Самара-Шымкент» автомобильді жолын салуға кетеді. Жалға берілуден шығарылған жер телімдерін пайдалану Қарағанды және Жамбыл облысының экономикасына қолайлы болады деп күтілуде.

Ресейдің Қазақстанның әскери полигондарының жер телімдерін жалға алып жүрген бөліктерін қайтару, сондай-ақ аталмыш нысандарды жалға алу және пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келісім Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленгенін айта кеткен жөн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!