"Самрұқ-Қазына" ЖМҚ желісі бойынша арендалық баспана салығы қайта қаралуы мүмкін

Фотография - "Самрұқ-Қазына" ЖМҚ желісі бойынша арендалық баспана салығы қайта қаралуы мүмкін

Әзірге арендаторлар жылына 180 теңге төлеуде

509 0

ҚР ҰЭМ Құрылыс ісі, ТКШ мен жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Today.kz редакциясының "Самрұқ-Қазына" ЖМҚ желісіндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша арендаторлар салықты неге заңды тұлға ретінде төлеуін жалғастырады деген сұраққа жауап бере алмады. Брифинг барысында ол арендалық баспана салып жатқан екі компанияның арендаторларының бірі жеке тұлға ретінде, ал бірінікі заңды тұлға ретінде салық төлеп отырғанын мойындады.

"ҚИК (Қазақстандық ипотекалық компания) бұл тізімге расында кірді, ал "Самрұқ-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры қарастырылуда. Мерзім бойынша әлі ештеме айта алмаймын, алайда, бұл шешілетін мәселе деп ойлаймын", – дейді Жайымбетов.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың 1 ақпанында Ұлттық экономика министрлігі "Баспананы жеке тұлғаға ұзақ мерзімге жалға беру келісімдері бойынша аймақтарды дамытудың салалық бағдарламасын іске асыру аясында ұсынылған салық салынатын нысандар бойынша жеке тұлға ставкасымен салық төлеуші заңды тұлғалар тізімін бекіту туралы" бұйрықты ресми жариялаған болатын.

Оған сәйкес, салықтық жеңілдіктер "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ желісі бойынша арендаторларға ғана қатысты. "Самрұқ-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры бұл тізімге кірмеді. Сондықтан "Самрұқ-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша пәтер арендаторлары салықты заңды тұлға ретінде баспана аумағына байланысты 90 мыңнан 180 мыңға дейін төлейтін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!