ҚСЗИ әлемдік "ақыл-ой" орталықтары рейтингіне кірді

Фотография - ҚСЗИ әлемдік "ақыл-ой" орталықтары рейтингіне кірді

ҚСЗИ бұл тізімде әлем бойынша 57-орынды иеленіп отыр.

233 0

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Дүниежүзілік сараптамалық орталықтардың 2015 жылға арналған индекс-рейтингісінде бірден төрт номинациясында орын алған.

Бұл рейтинг 1989 жылдан әлемдегі алты мыңға жуық "ақыл-ой" орталықтарының қызметін талдау негізінде сараптамалық құрылымдардың жетістіктері мен олардың даму үрдістерін анықтау бойынша Пенсильвания университетінің "Сараптамалық орталықтар мен азаматтық қоғам" зерттеу бағдарламасы аясында жасалады.

Рейтингтің қорытындысы бойынша ҚСЗИ қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат саласындағы 100 ең үздік зерттеу орталықтарының қатарына енді. Сонымен қатар институт алғаш рет үздік мемлекеттік "ақыл-ой" орталықтарының тізіміне енді. ҚСЗИ бұл тізімде әлем бойынша 57-орынды иеленіп отыр.

 Орталық Азиядағы үздік сараптамалық құрылымдардың арасында ҚСЗИ алғашқы үштікке еніп, өз орнын сақтап қалды, сондай-ақ энергетика және шикізат саясатын зерттеу саласында 33-орынға тұрақтады.

Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы сараптамалық орталықтардың рөлі артып келе жатқанын көрсетеді. Отандық "ақыл-ой" орталықтарының жариялап отырған ғылыми-сарапшылық материалдарына шетелде жиі сілтеме жасалады.

ҚСЗИ ҚР Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылды. 2014 жылдың сәуір айынан ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласына көшірілді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!