Бас прокуратура экстремизмді насихаттайтын сайттарды анықтады

Фотография - Бас прокуратура экстремизмді насихаттайтын сайттарды анықтады

Террористік ұйымдар күнделікті интернет желісі арқылы өз қатарларына жаңа жақтастарды тартумен айналысуда.

565 0

Әлеуметтік желілердің танымалдылығымен бірге бүкіл әлемде ауқымды сипатқа иеленудегі экстремистік және террористік идеологияның кеңінен таратылуы да қарқын алуда. Бүгінде Қазақстан тұрғындары интернет арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының негізінен шетелден насихатталуына жиірек ұшырауда, деп хабарлайды Baq.kz

Террористік ұйымдар күнделікті интернет желісі арқылы өз қатарларына жаңа жақтастарды тартумен айналысуда. Түбінде террористік ұйымдардың іс-қимылдары жалпы әлемдегі тұрақтылықты бұзуға бағытталған.
Осындай көріністермен күресу үшін еліміздің мемлекеттік органдары терроризмнің қауіптерінен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесін пысықтады, оның тиімділігі арттырылуда.
Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдармен бірге заңсыз материалдардың таралуына жол бермеу мақсатында экстремизм мен терроизмді насихаттайтын, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды және жарылғыш заттарды дайындау бойынша материалдарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде.
Осы жұмыс аясында жүз мыңнан астам интернет-ресурстың мониторингі жүзеге асырылды.
Экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаудың, сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау тәсілдері туралы ақпаратты таратудың анықталған фактілері бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды.
Соңғы бес жылда еліміздің соттары бір мыңнан астам интернет-ресурстардың өнімдерін заңсыз деп тану туралы прокурорлардың және уәкілетті органның арыздарын қанағаттандырып, олардың Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатты.
Сотқа дейінгі тәртіпте интернет-ресурстардың иелерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде екі жүзден астам материал жойылды. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!