Қазақстанда бейсенбіде бұрқасындатып, күшті жел тұрады деп күтілуде

Фотография - Қазақстанда бейсенбіде бұрқасындатып, күшті жел тұрады деп күтілуде

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа рауы жауын-шашынсыз болады.

162 0

Бейсенбіде Қазақстанның көптеген аймақтары арқылы фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді деп хабарланады  ҚР ІІМ ТЖК сайтында.

Тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа рауы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!