Бас мүфти биылғы жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

Фотография - Бас мүфти биылғы жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

Басқосуға наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти Кеңесшісі Қуат Раев, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев қатысты

390 0

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен мүфтияттың 2016 жылы атқаратын іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Басқосуға наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти Кеңесшісі Қуат Раев, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, бөлім меңгерушілері қатысты.

"Діни басқарма 2015 жылы елеулі іс-шаралар мен игі жобаларды жүзеге асырды. Тұңғыш рет имамдар форумын өткіздік. Алғаш рет Орталық Азия ғұламалар форумын ұйымдастырдық. Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі жұмысын дамыту Тұжырымдамасын бекіттік. Діни білім саласына өзгерістер енгізіп, арнайы Тұжырымдама қабылдадық. Мұның бәрі сіздердің, дін қызметкерлерінің атсалысуымен жүзеге асты. Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Биыл да осындай үлкен жобаларды жүзеге асыруымыз қажет", – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

2016 жылдың жұмыс жоспарында республикалық ақпараттық-насихат тобына арналған конференция, жастардың халықаралық конференциясын өткізу көзделген.


muslim.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!