Бізде баланың мәртебесі мүлдем ұмытылды - Зағипа Балиева

Фотография - Бізде баланың мәртебесі мүлдем ұмытылды - Зағипа Балиева

Қазақстанда бала құқығы бойынша құзырлы өкіл пайда болады

442 0

ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымындағы депутат Зағипа Балиева Today.kz берген эксклюзивті сұқбатында жиілеп кеткен балаларды тастау оқиғасы туралы пікірін білдіріді. Саясаткердің пікірінше, сабиінен құтылуды ойлаған ананы ғана айыптау асығыстық. Өзі де көп балалы ана бола отырып, Зағипа Балиева болған жайттарға жауапкершілік барлық қазақстандықтардың мойнында екенін айтады.

"Бұл бір жақты мәселе емес, жүйелі қиындық. Біз моральды-рухани құндылықтар төмендегені, бала тәрбиесін нашарлатып алғанымыз туралы ойлануымыз қажет. Жастарымыз неге қызығатынын білуіміз керек. Балаларды тойдырып киіндіріп, мектепке атандырып жіберіп жұмыс бітті демей, олардың ішкі дүниесін тануға тырысуымыз керек.  Біз ЖІӨ адам басына шағып көтереміз, алайда біз осы адам туралы және бала жайында ұмыттық", – дейді саясаткер.

Зағипа Балиева Қазақстанда Омбудсмен институтын құру идеясын қолдайтынын және елімізде балалар құқығы бойынша құзыреттің пайда болуының маңызын атап өтті.

"Қазақстан аумағында туған кез келген бала, Конститутция мен біз 1998 жылы қосылған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкес бірдей құқыққа ие. Дарынды және дарынды емес, талантты, дені сау, мүмкіндігі шектеулі, қиын жағдайға түскен балалар – олардың барлығында мемлекет көмегіне жүгінуге құқы бар", – дейді Зағипа Балиева.

Саясаткер Жамбыл облысында орын алған сәбиді дәретхана шұңқырына тастап кету оқиғасы туралы пікірін білдірді. Мұның алдында баланы өзге отбасы асырап алатыны хаберланған болатын, дегенмен, қыз баланы анасына қайтаруы мүмкін.

"Баланы беру керек пе, жоқ па ойлану керек. Өйткені ол баланы қауіпке тастады. Егер бұл оқиға босанудан кейінгі депрессиямен байланысты болса, менің айтарым: ешкімді айыптама – сонда сені де ешкім сөкпес, мен алдымен мән-жайды анықтап алар едім", –  деп есептейді Зағипа Балиева.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың қаңтар айында жаңа туған нәрестелерді тастау бойынша бірнеше оқиға болған. 3 қаңтарда Жамбыл облысында 21 жасар әйел баласын дәретхана шұңқырына тастап кеткен. Он күн өте осы аймақта жол үстінен өлі сәби табылды. 17 қаңтарда Маңғыстау облысында ішінде өлі сәби бар қорап табылды. Бұның барлығы қоғамды дүрліктірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!