Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың 1 мыңнан астамы партияда жоқ

Фотография - Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың 1 мыңнан астамы партияда жоқ

Мәслихаттар депутаттығына ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тiркеу 23 ақпанға дейiн жүргiзiледi.

480 0

Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың 1 мыңнан астамы партияда жоқ. Бұл туралы бүгiн Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Ләззат Сүлеймен ОСК-де өткен брифингте мәлiмдедi.

"Бүгiнгi мәлiметке сәйкес, республика бойынша мәслихат депутаттығына ұсынылған 2865 кандидаттың 12-сi Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесi, 1184-i партияда жоқ, тағы 1669-ы өзiнiң партияға тиесiлi екенiн көрсетпеген. Округтiк сайлау комиссиялары 54 кандидатты тiркеген", - дедi Л.Сүлеймен.

Орталық сайлау комиссиясы бекiткен күнтiзбелiк жоспарға сәйкес, мәслихаттар депутаттығына ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тiркеу 23 ақпанға дейiн жүргiзiледi.

Брифинг соңында Ләззат Сүлеймен "Сайлау комиссияларының негiзгi мiндетi - заңдылықты, яғни сайлау занамасына және жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әдiл және ашық сайлауды өткiзудi қамтамасыз ету", - деп атап өттi.

Атап өтсек, бүгiн Орталық сайлау комиссиясы 15 күнгi жұмысын қорытындылады.
Естерiңiзге салып өтсек, жергілікті билік органдарына барлық деңгейдегі 3335 мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады. Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!