Қазақстанда бір мезетте тұмауға қарсы 1 миллион 700 мың адамға вакцина салынды

Фотография - Қазақстанда бір мезетте тұмауға қарсы 1 миллион 700 мың адамға вакцина салынды

Қазақстанда тұмаумен 160-тан астам адам ауруханаға жатқызылды.

493 0

Қазақстанда "тұмау" диагнозымен 160-тан астам адам ауруханаға жатқызылды деп мәлімдеді Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Бұл туралы newskaz.kz хабарлайды.

"Тұмаудың мәресіне жететін уақыты қарашадан бастап ақпанның соңына дейінгі кезең, бұндай жағдай болмауы үшін біз әрдайым тұмау басталғанға дейін вакциналаймыз. Иә, адамдардың белгілі бір бөлігі вакциналаудан өткен жоқ немесе үлгере алмады немесе бас тартты. (…) Шошқа тұмауы қауіпті, тұмау белгілері басталған кезде барлықтарыңызды дәрігерге қаралуларыңызды сұраймын",- деді Дүйсенова сенаттың жалпы отырысының сыртында.

Министірдің айтуынша, бұл кезеңде 1 миллион 700 мың адамға вакцина салынды. 

"Қазір шамамен 165 адам  "тұмау" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, оларға көмек көрсетілуде",- деп қорытындылады министр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!