Биыл 17 жоба бойынша әлеуметтік нысандар салынады

Фотография - Биыл 17 жоба бойынша әлеуметтік нысандар салынады

Бірнеше жоба қатарында әуежолаушылардың бірыңғай деректер базасы мен Қазақстанның ұлттық геоақпараттық жүйесін құруды да қарастырылған.

403 0

 Биыл "Бәйтерек" холдингі 17 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Жобаларға 390 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл жобалар бойынша Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын, Алматы қаласында С.Д. Асфендияров атындағы медициналық университеті жанынан көпбейінді аурухананы, Шымкент қаласында ұзындығы 48 шақырым 4 жолақты қозғалысы бар айналма жолды салу жоспаарланып отыр. Сонымен бірге Қызылорда қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхананы, Шымкент қаласында 1500 орынға арналған түзеу мекемесін, Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік желісін, Петропавл қаласында балабақшалар, Қызылорда қаласында жатақханасы бар 600 адамға арналған колледжді, "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы мен басқа да маңызы нысандарды салу жоспарда бар. 

 Бұдан басқа Алматы қаласын айналып өтетін темір жолды, Қорғаныс министрлігінің тұрғын үйлерін, Қызылорда облысында су арнасы, Алматы қаласында Құрманғазы атындағы консерватория үшін жатақхана салынады. Әуежолаушылардың бірыңғай деректер базасы мен Қазақстанның ұлттық геоақпараттық жүйесін құрылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!