Жаңа Заң жобасы бойынша "Жұмыссыз" статусы 10 күнде шешімін табады

Фотография - Жаңа Заң жобасы бойынша "Жұмыссыз" статусы 10 күнде шешімін табады

Заң жобасы алдағы уақытта Парламент Сенатының комитеттерінде кеңінен талқыланатын болады

304 0

Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында "Жұмыспен қамту туралы" Заң жобасын ұсынды.

" Жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту. Жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. Оған 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады", - деді заң жобасын таныстырған министр.

Айта кетейік, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұлға үшін ЭЫДҰ-ға құрамдас мемлекеттер мен көптеген Еуропа елдерінде қолданылып жүрген жұмысқа орналастырудың жеке картасын әзірлейтін болады деп жоспарланған.



 Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!