Еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды

Фотография - Еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды

Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

290 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды (қар, жаңбыр), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.  

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде, Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Қостанай өңірінің басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасындатады, кей жерлерде тұман, көктайғақ байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде – бұрқасын, тұман, көктайғақ, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды облысында тұман түседі, бұрқасындатады, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с күшейеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!