Аяғынан айрылған талдықорғандық қыз Қорғаныс министрлігін сотта ұтып шықты

Фотография - Аяғынан айрылған талдықорғандық қыз Қорғаныс министрлігін сотта ұтып шықты

Қыз бала әскери госпиталь қоршауы үстіне құлаған соң кемтар болып қалған

342 0

ҚР Қорғаныс министрлігі бетонды қоршаудың құлауынан зардап шеккен талдықорғандық қызға ай сайын 10 ӘЕК көлемінде өтемақы төлеп тұратын болды, деп жазады Today.kz ҚР Әскери сотынының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  Сонымен бірге моральдық залал үшін зардап шеккен қызға 10 миллион теңге төленеді.

Денсаулыққа келген зиянды өтеу бойынша "Қазақстан Республикасының қорғаныс мигнистрілігі" мемлекеттік мекемесінің үстінен Талдықорған гарнизонындағы әскери сотына арыз жазған оқушы қыз Мадинаның анасы болатын.

Замзагүл Құрманғалиеваның айтуынша,  2014 жылдың 18 қарашасында 15 жасар Мадина Маратқызының үстіне Талдықорғандағы әскери госпитальдің қоршауы құлаған. Бетон қыздың екі аяғын да басып қалған, кейін бір аяқты кестіруге тура келген.  

Сот құрылыстық сараптама шешімі плитаның құлауна темір бетонды қоршаудың ұзақ пайдаланудан көнеруі және ауа-райының жағдайы себеп болғанын көрсеткен. Мекеменің Қорғаныс министрлігінің қарауында екені белгілі болды.

Сот арыз берушінің сұрауының бір бөлігін қанағаттандырды. Енді 2015 жылдың 22 қаңтарынан бастап Мадина Маратқызының пайдасына ай сайын 10 ӘЕК түріндегі өтемақы өмір бойы төленіп тұрады. Сонымен бірге 10 млн теңге моральдық өтем төленеді.

2016 жылдың 3 ақпанында ҚР Әскери сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотының аппеляциялық коллегиясы шешімді өзгеріссіз қалдырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!