Жаңа заң бойынша жазғы демалыста оқушылар жұмыс істей алатын болды

Фотография - Жаңа заң бойынша жазғы демалыста оқушылар жұмыс істей алатын болды

Енді оқушылар жазғы демалыс кезінде еңбек етіп, табыс таба алады.

359 0

 "Жұмыспен қамту" туралы Заң жобасы күшіне енген жағдайда 14-16 жастан бастап оқушылар мен студенттер қоғамдық жұмыстарға араласып, пайда таба алады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, еңбек етемін деген жеткіншектің ата-анасымен келісімшарт жасалады. Ал олардың жалақысы Еңбек кодексіне сәйкес толық көлемде төленеді.

Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:
- Әрине 4 сағат жұмыс істейтін болса, екі есе төмен алады. Ал енді жоғары белгілеу жұмыс беруішінің қызметкер арасындағы келісетін мәселе болып табылады. Жоғары мөлшеріне шектеу жоқ, бірақ төменгі мөлшеріне кепілдік ретінде Еңбек кодексінде шектеу бар.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!