Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с күшейеді

302 0

Қазақстанның барлық аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) сақталады. Ал кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.Тек, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар көмитетінің баспасөз қызметі.
 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіліп, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30, күндіз кей жерлерінде 17-22 м/с күшейеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!