Ресей Байқоңырдың бір бөлігін Қазақстанға қайтаратын болды

Фотография - Ресей Байқоңырдың бір бөлігін Қазақстанға қайтаратын болды

Байқоңыр қаласымен түйісіп жатқан 11,6 мың гектар аумақ Қазақстанға қайтарылады.

222 0

Биыл Ресей 2050 жылға дейін жалға алған Байқоңырдың бір бөлігі, нақтырақ айтсақ, Байқоңыр қаласымен түйісіп жатқан 11,6 мың гектар аумақ Қазақстанға қайтарылады. 

Бұл туралы Жер бетіндегі ғарыш инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығының бас директоры Рано Джураева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Аумағы 11,6 мың гектар 4 жер учаскесін Қазақстанға қайтару туралы уағдаластыққа өткен жылдың күзінде қол жеткізілді. Біз бұл жерді мүлде пайдаланбаймыз. Кадастрлық жұмыстар аяқталды және I жартыжылдықта жерді жалдан шығару қорытындысы дайын болады. Жер учаскелері қазақстандық әріптестеріміздің бастамасымен қайтарылады – олар инфрақұрылымды дамытпақшы, қонақ үйлер салуы мүмкін", - дейді Рано Джураева.

Байқоңыр ғарыш айлағы мен жалпы қаланың аумағы 672 мың гектар жерді алып жатыр. Ресей бұл кешенді Қазақстаннан жылына 115 млн доллардан 2050 жылға дейін жалға алған. Жердің тиісті бөлігі Қазақстанға қайтарылғаннан кейін жал бағасы қайта қаралмайды, деп жазады RT.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!