Қазақстан сүт және ет өнімдерін Вьетнамға экспорттайтын болады

Фотография - Қазақстан сүт және ет өнімдерін Вьетнамға экспорттайтын болады

Бұл еркін сауда аймағын құрғаннан кейін мүмкін болмақ.

301 0

 Бүгін сенаторлардың алдына келген Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықовтың айтуынша, Вьетнам мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы келісім осы елге саудаланатын отандық өнімдердің көлемін арттыруға жол ашпақ. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 205 млн долларды құраса, оның бар болғаны 10 миллионы ғана экспортқа тиесілі. Ал Вьетнамнан бізге тұрмыстық техника, электорника және киім-кешек әкелінеді. Келісім аясында импорттық баж салығын мүлдем алып тастау көзделген, бұл өз кезегінде республикалық бюджет түсімін шамамен 458 млн теңгеге азайтады деп күтілуде.

Тимур Жақсылыков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
 - Біз не нәрседен шығын көреміз? Ең алдымен тауарлардың кейбір түріне импорттық баж салығын алып тастап отырмыз, сондықтан салық түсімі азайды. Алайда біз ұтылмаймыз. Өйткені біздің тауарлар да баж салығынсыз экспортталады. Кәсіпкерлеріміз экспорт көлемін арттырып, табыстарын еселеуге мүмкіндік алады.

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
 - Біздің экспорт Вьетнамға барғанда ол да кеденнің нөлдік ставкасымен баратын болады. Оның ішінде біздің ауылшаруашылық тауарларымыз, бидайымыз, ұнымыз, сиырдың еті онда арзан түрімен барады да, біздің тауарға сұраным жоғары болады. Сондықтан да біздің кәсіпкерлерге үлкен көмек, жеңілдік болып табылады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!