Қазақстанда министрлер мен депутаттар қызметтік көлікпен аз жүретін болды

Фотография - Қазақстанда министрлер мен депутаттар қызметтік көлікпен аз жүретін болды

ҚР Президент істері басқармасының 195 қызметтік көлігіне GPS-мониторинг жүйесі орналастырылды

746 0

Үш жылда ҚР Президент істері басқармасының 195 қызметтік көлігіне GPS-мониторинг жүйесі орналастырылды. Бұл аталған уақыт аралығында көліктердің жүрісін 1,6 миллион километрге қысқартып, 28,5 мың сағат пен 309 мың литр бензинді үнемдеуге мүмкіндік берді, деп жазады Today.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Осылайша, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жанармай шығыны 82,5 мың литрге немесе 4,4 пайызға азайған. Жүру үнемділігі 514 мың километрді құрады.

Сонымен бірге, ЖКО мен құқық бұзу фактілерін жасыруды болдырмау үшін 2015 жылы 130 кезекші көліктерге бейне тіркеуші құрылғылар орнатылды. Жақын уақытта мұндаймен барлық көліктер қамтылады деп жоспарлануда.

Естеріңізге салсақ, 29 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сьезінде мемлекеттік шығын жүйесі үнемдеу қағидасына негізделеді деп айтқан. Мұндай шаралар ҚР Президенті мен Ұлттық банк тапсырмасымен қабылданған іске асырылып жатқан Антикризистік жоспар аясында қарастырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!