Ақпан айы "Бірлік айы" деп жарияланды - ҚМДБ

Фотография - Ақпан айы "Бірлік айы" деп жарияланды - ҚМДБ

Бұл бағытта бірлік пен татулық, тұрақтылық қағидаларын насихаттау шарасын кеңінен өрістету тұрғысынан бірқатар игілікті шаралар жасалмақ.

480 0

ҚМДБ бекіткен басым бағыты бойынша еліміздегі татулық пен ұлттар достығын бекемдеу, діндер арасындағы тұрақтылықты сақтау, ынтымақтастықты насихаттау, адамдардың бір-біріне бауырмалдығын, бірлігін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі ақпан айын "Мұсылманның бірлігі – парыз" айы деп жариялады.

Діни басқарманың нақты тапсырмалары негізінде өңірде бірлік, татулықты сақтау, халықты ынтымаққа ұйыстыру бағытында арнайы айлық жоспар жасалды. Бұл бағытта бірлік пен татулық, тұрақтылық қағидаларын насихаттау шарасын кеңінен өрістету тұрғысынан бірқатар игілікті шаралар жасалмақ. Білім беру және ішкі саясат, дін істері басқармаларымен келісім негізінде өңірдегі орта мектептер мен ЖОО-да шәкірттер мен студенттерге, ұстаздарға еліміздегі бірлікті сақтаудағы исламның ролі және береке мен татулық туралы тағылымды насихат айту мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, осы бағытта қайырымдылық шараларын жасау, мұқтаждарға жәрдем жасау шаралары да үздіксіз атқару көзделуде.


Тегтер:

ҚМДБ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!