6 партиядан 234 кандидат ұсынылды - ОСК

Фотография - 6 партиядан 234 кандидат ұсынылды - ОСК

Бүгiнгi күнге дейiн Орталық сайлау комиссиясына 6 партиядан барлығы 234 кандидат ұсынылды

197 0

Бүгiнгi күнге дейiн Орталық сайлау комиссиясына 6 партиядан барлығы 234 кандидат ұсынылды. Бұл туралы ОСК-да өткен партиялық тiзiмдердi ұсыну қорытындылары туралы брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлiмдедi.

"ҚР ОСК-ға барлығы 6 саяси партияның, атап айтсақ "Нұр Отан" партиясы, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы, "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан Коммунистiк Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен "Бiрлiк" Саяси партиясының тiзiмдерi, жалпы 234 кандидат ұсынылды", - дедi Қ.Тұрғанқұлов.

ОСК төрағасының айтуынша, бүгiнгi күнге дейiн "Нұр Отан" партиясының, "Ақ жол" ҚДП-ның, "Ауыл" ХДПП-ның және ҚКХП-ның партиялық тiзiмдерi тiркелдi.

 


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!