Жақсыбеков пен Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша кеңес өткізді

Фотография - Жақсыбеков пен Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша кеңес өткізді

сурет astana.gov.kz сайтынан

Елорда әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қаланы аталмыш маңызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді

296 0

Бүгін елордада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында қала басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігі мен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ алғашқы бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында тараптар 2017 жылы өтетін көрмеге дайындық және оны өткізу бойынша өзекті мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылап, шешеді. А. Есімов ұлттық компания атқарған негізгі жұмыстарға тоқталып, іс-шаралардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, барлық бағыттар бойынша жұмыстардың күшейтілгенін және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың бәрі орындалып жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 басқарма төрағасы көрменің ашылуы кезінде қатысушы мемлекеттердің саны 100-ге жететініне сенім білдірді.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қаланы аталмыш маңызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, ЭКСПО өткен кезде басты жүктеме көлік басқару жүйесіне түседі. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың көлік-логистикалық инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, бірыңғай диспетчерлік қызмет пен көліктік бақылау қызметі құрылды, Қазақстанда алғаш рет Көлік ағынын басқару орталығы енгізіліп жатыр, тұрақ кеңістігін басқару жүйесін кешенді құру мәселесі қаралуда, интеллектуалды көлік жүйесін (ITS) енгізу жұмыстары қолға алынды және т.б. Н. Әлиевтің сөзіне қарағанда, осы мәселені кешенді түрде шешу елорданың көлік-логистикалық желісін халықаралық стандарттарға сәйкес құруға мүмкіндік береді. Қала әкімінің орынбасары өз баяндамасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, көрме қонақтарын орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру, іс-шаралар күнтізбесі, волонтерлар жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелерге тоқталды.

Қала әкімдігі қызмет көрсету саласында сапаны арттыру бойынша жұмыстарға айырықша назар аударады. Бүгінгі таңда ұлттық компаниямен бірлесе «ЭКСПО ұсынады» Астана қаласының серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда. "Қазіргі кезде серіктестік бағдарламаға қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті", - деді Н. Әлиев. Оның айтуынша, бағдарламаға қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік қызметтерін ұсынатын компаниялар мен турфирмалар қатысады.

Фото -

Кеңес соңында елорда әкімі бірлесіп жұмыс істеудің және барлық бағыттар бойынша өзара әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

"Қала үшін ЭКСПО халықаралық көрмесі маңызды емтихан болып табылады, оның үстіне бұл елордамыздың тыныс-тіршілігінің барлық саласының дамуына қосымша серпін бередіКөрмеге де, Астанаға да қызығушылықтың ұдайы артып отырғаны байқаладыБүгінде барлық қалалық құрылымдардың басты міндеті – қаланы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау" - деді Ә. Жақсыбеков.

А.Есімов, өз кезегінде, Астана үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың шешуші кезеңі басталғанын атап өтті. Ұлттық компанияның басқарма төрағасының айтуынша, 1 қарашадан бастап барлық павильондар тапсырылуы тиіс.

"Астанада көптеген маңызды халықаралық шаралар өткізілді, бірақ олар 2-3 күнге ғана жалғасатын. ЭКСПО көрмесі 93 күн бойы өтеді, және бұл қаланың барлық инфрақұрылымына салмақ түсірмек, бәріміз де бұған дайын болуымыз керек", - деді А. Есімов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!