Жауынгерлік техниканың заманауи үлгілері

Фотография - Жауынгерлік техниканың заманауи үлгілері

Еліміздің барлық аймағында инженерлер жарылғыш заттарды табу, анықтау және жоюды қамтамасыз етеді.

137 0

Қазақстанның инженерлік әскерлер бөлімшелері мен құры­лымдарына өте жауапты мін­дет жүктелген. Олар Құрлық әскер­лерінің бөлімшелері мен жалпы әскери бөлімдеріне жауынгерлік іс-қимыл жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 

"Инженерлік әскерлер бейбіт уақытта да өзіне міндеттелген сан алуан тапсырмалар кешенін іске асырады. Мәселен, эвакуация­лау айла-тәсілдерін, шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тос­қауылдан өтуді жабдықтайды, қар­­сыластардың бөгеттеріне өт­­келдер жасайды, қозғалыс жолдарын инженерлік барлау, басқару бөлімдерін құруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, суды өңдеу мен тазарту арқылы әскерді қажетті су қорымен қамтамасыз етеді", – деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ ББ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов.

Сондай-ақ, еліміздің барлық аймағында инженерлер жарылғыш заттарды табу, анықтау және жоюды қамтамасыз етеді.

Бүгінде инженерлік әскерлер инженерлік жарақтандыру құрал­дарымен және қажетті техникамен жабдықталған. Алда сапалы қайта жабдықтау жүргізіледі деп күтілуде. "2017-2018 жылдары Құрлық әскерлеріне қарайтын әскерлерді заманауи құралдармен және техникалармен қайта жаб­дықтау жоспарланған. Бұл жер қа­затын инженерлік техника, мина жарғыш шептер орнату мен барлау жүргізу техникасы, фор­тификациялық жабдықтар, қорғаныс шептері, суды анықтау және тазартуды қамтамасыз ету құралдары", – дейді полковник Нұрлан Шаймахов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Құрлық әскерлерінің құрамында саперлік бригадалар, жеке бө­лім­шелер, сондай-ақ, жалпы әскери бригадаға қарасты инженерлік бөлімшелер бар. Оның ішіне 68665 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік ротасы кіреді. Басқа да ин­женерлік бөлімшелер сияқты аталған рота да ҚР ҚК ірі жауынгерлік жаттығуларына қатысады.

Инженерлер, қызметшілер мұн­да өз шеберліктерін шыңдап, тео­риялық және тәжірибелік білік­тіліктерін нығайтады.

Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери инсти­тутының және жоғары оқу орын­дарының әскери кафедраларының түлек­терімен, 10228 әскери бөлімі кіші мамандарымен толығып отырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!