Ақышев қаржы жағдайы туралы Назарбаевқа айтып берді

Фотография - Ақышев қаржы жағдайы туралы Назарбаевқа айтып берді

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

184 0

Д. Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Елбасы шағын және орта бизнес субьектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды.

Д.Ақышев экономиканың нақты секторын қаржыландыру шаралары елдің даму қарқынына оң әсерін тигізуі тиістігін айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!