Назарбаев БЗЖҚ-ның 1,5 триллион теңгесін инвестицияға бағыттауды тапсырды

Фотография - Назарбаев БЗЖҚ-ның 1,5 триллион теңгесін инвестицияға бағыттауды тапсырды

None

239 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше бағыт бойынша бөлінген қаржыға байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Today.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 1,5 триллиондай еркін зейнетақы қоры инвестицияға жұмсалады.

"2016 жылғы еркін зейнетақы қорын барлығы 1 триллион 450 миллиард теңге көлеміндегі сомманы бірқатар бағыт бойынша инвестициялауға тапсырамын", - деп келтірді Президент сөзін баспасөз қызметі. "149 миллиард теңгені кредиттік баспана салуға, оған қоса 22 миллиард салымшыларды кредиттеуге бөлуді тапсырамын. Жеке меншік салушыларды қолдауға 97 миллиард қайтарымдылық негізде бағытталсын".

Сонымен бірге, Елбсы 28 миллиард теңгені апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды мектептерден арылу үшін 42 жаңа мектеп салуға бөлді.

Бұның бәрі 2016 жылы 1,5 миллион квадрат метр тұрғын үй енгізу мен ЖІӨ өсіміне салым салуды қамтамассыз етеді.

Сонымен қатар, "Нұрлы жол" аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделту мақсатында 2016 жылға 76 миллиард теңге бөлу тапсырылды.

"Мүмкіндігімізді бағалай келе, соның ішінде бағам түзетулерінен экономика жағдайын да, біз қосымша антикризистік шараларға қаржы бөле аламыз", - деп түсіндірді Нұрсұтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!