Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

Фотография - Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

Елбасының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды

571 0

Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.

Фото -

О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!