Елімізде шығарылатын "Нива" автокөлігіне арабтар қызуғышылық танытуда

Фотография - Елімізде шығарылатын "Нива" автокөлігіне арабтар қызуғышылық танытуда

Қазақстандық көлікті Біріккен араб әмірліктеріне шығару туралы ұсынысты палатаға "БИПЭК АВТО Қазақстан" ЖШС Ақтау филиалы жасаған.

870 0

Қазақстанда құрастырылатын "Нива" автокөліктеріне Біріккен араб әмірліктерінен сұраныс артқан, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы Ұлттық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Қазақстандық көлікті Біріккен араб әмірліктеріне шығару туралы ұсынысты палатаға "БИПЭК АВТО Қазақстан" ЖШС Ақтау филиалы жасаған. Бұған дейін тауардың шығарылған жері туралы сертификациядан туындаған проблемалардың салдарынан Біріккен Араб Әмірліктеріне өскемендік автокөліктерді экспорттау мүмкін болмаған. Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының аталған түйткілді шешіп, отандық көліктің экспорт мәселесін шешкен көрінеді.

"Біздің шетелдік серіктесіміз келесі автокөлік топтамасын сатып алуға қызығушылық танытты. Бұл жеткізілім туралы сөз қозғағанда бірқатар ұйымдастырушылық мәселелердің басын ашуда қол ұшын созған Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының атқарған маңызды рөлін айта кету керек. Бұл біз үшін, сөзсіз, бірегей тәжірибе болмақ. Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығу біздің жоспарымызда бар болатын, енді міне, ол жаққа автокөліктерді жеткізу бірінші рет сәтті жүзеге асты", – деді "БИПЭК АВТО Қазақстан" ЖШС Ақтау филиалының директоры Асқар Бұланбаев.

Алғаш рет "БИПЭК АВТО" Ақтаудағы филиалы өз автокөліктері топтамасын Түркіменстанның оңтүстігіндегі Мары қаласына жөнелткен болатын. "Нива" автокөліктерін сатып алушылар табылып жатқанын айта кету керек. Одан кейін Ақтауға Араб Әмірліктерінен де сатып алушылар келе бастаған. "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялары тобының алдында Қазақстан мен Ресей аумағындағы филиалдық желіні дамыту тәжірибесіне сүйене отырып Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстанда бұдан кем түспейтін жоғары деңгейдегі ритейл ұйымдастыру міндеті тұр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!