"Бірлік" партиясының штабы ашылды

Фотография - "Бірлік" партиясының штабы ашылды

Сайлаушыларды қабылдайтын арнайы бөлмелер жасақталды

366 0

 Бүгін Астанада "Бірлік" партиясының сайлауалды штабы ашылды. Онда 10-ға жуық қызметкер орналасып, қажетті техникалық құралдармен жабдықталды деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Сайлаушыларды қабылдайтын арнайы бөлмелер жасақталды. Осылайша, партия өкілдері сайлау науқаны кезіңде үгіт-насихат шараларын заң аясында жүргіземіз деп отыр. Саяси партияның сайлауалды штабы әзірге еліміздің 8 өңірінде және Алматы мен Астана қаласында ашылды. Аптаның соңына дейін, еліміздің барлық аймақтарында штаб өз жұмысын бастайды. Партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышевтің айтуынша: "Астанадағы бас кеңсе мен облыс орталықтарындағы филиалдардың он-лайн режімде жедел ақпарат алмасуына қажетті жағдай жасалған. Сайлаушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беруге "Бірлік" партиясы дайын".
Жиынға партия мүшелері мен бірқатар БАҚ өкілдері қатысты. Сайлауалды штабты ашу кезінде "Бірлік" партиясы төрағасының орынбасары Болат Байқадамов салтанатты түрде лента қиды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!