Зейнетақы қорының бір бөлігі бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады

Фотография - Зейнетақы қорының бір бөлігі бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады

Бұл туралы Ерболат Досаев мәлімдеді

351 0

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бір бөлігі респбуликалық бюджеттің жетіспеушілігін жабуға жұмсалмақ, деп жазады Today.kz.  Зейнетақы жинақтарының инвестициялануының егжей-тегжейі туралы ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлемдеді.

Министр 2016 жылы 2015 жылдан қалған 400 миллиард теңгені қоса 1,450 триллион теңге көлеміндегі еркін зейнетақы жинақтары жұмсалатынын айтты.

"350 миллиард теңге 2016 жылғы респуликалық бюджеттің жетіспеушілігін жабуға, 500 миллиард теңгеге дейін – сыртқы нарықтағы инвестициялау мен БЗЖҚ портфелінің диверсификациясын қамтамассыз ету мен азаматтардың зейнетақы жинақтарының пайдасын көтеру үшін шетелдік валютаға аударылады, - дейді министр. - 600 миллиард теңге (еркін зейнетақы қорының 41 пайызы) екінші деңгейдегі банктер мен ұлттық холдингтердің шартты облигацияларын сатып алуға жұмсалады".

Қаржыны ұсынылғандай бөлу зейнетақы қорын барынша тиімді жұмсалуынжәне инвестицияның сақталуына кепілдікті қамтамассыз етеді, деп сендірді Досаев.

Мұның алдында, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 232 миллиард теңге "НҰХ "КазАгро" АҚ, "Қазақстан темiр жолы" АҚ, KEGOC АҚ мен "Объединенная химическая компания" АҚ арасында бөлінетіні хабарланған..

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!