ҰЭМ Астана мен Алматы үшін жоспарланған баспана бағасын атады

Фотография - ҰЭМ Астана мен Алматы үшін жоспарланған баспана бағасын атады

2016 жылы баспана салуға 360 миллиард теңге бөлінді

138 0

Елбасының тапсырмасымен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының  2017 жылы іске асыруға арналған 360 миллиард теңге көлеміндегі қаржы 2016 жылы тұрғын үй құрылысына бағытталатын болады. Бұл туралы үкімет кеңесі барысында ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп жазады  Today.kz.

Жоғарыда аталған соммадан арендалық баспанаға кезекте тұрған жергілікті басқару органдарының өкілдеріне және "НҰХ "Байтерек" АҚ желісі бойынша ішкі миграцияға 53 миллиард теңге бағытталады. 42 миллиард ағымдағы жылы игеріледі, 11 миллиард  – 2017 жылы.

"Астана мен Алматыда баспананың бір квадрат метрі 200 мың теңгеден аспайды, ал басқа аймақтарда - 180 мың", - дейді Досаев.

ҰЭМ есебі бойынша, Астана мен Алматы үшін сатып алынбайтын арендалық баспана квадрат метріне 640 теңген құрайтын болады, басқа аймақтарда – 550 теңге, кейін сатып алынатыны үшін Астана мен Алматыда – квадрат метріне 1 230 теңге, басқа аймақтарда – 1 110 теңге. Бұл механизм бойынша 2016 жылы 324 мың квадрат метр баспана беріледі.

Тағы 61 миллиард теңгені жергілікті әкімдіктер жаңа жалпылы баспана құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына бөледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!