ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына бір жылға тегін виза беріледі

Фотография - ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына бір жылға тегін виза беріледі

ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына жеңілдіктер мен преференциялар беру үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

307 0

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми қатысушыларына бір жылға тегін виза беріледі. Осы мүмкіндік қарастырылған "ҚР Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы Сенатта қаралды.

 "Қазақстан 2017 жылды 10 маусым мен 10 қыркүйек арасында Астана қаласында "Болашақ энергиясы" тақырыбында ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізеді. Қазақстанның халықаралық көрмелер бюросының мүшесі мен халықаралық көрмелер жөніндегі конвенцияның қатысушысы екені ескеріле отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен "Астана ЭКСПО-2017" АҚ ресми қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісім әзірледі, оған Мемлекет басшысының Францияға сапары аясында 2015 жылы қол қойылды", - деп баяндады комитет отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.

Оның айтуынша, бұл келісімді ратификациялау және оның күшіне енуі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына жеңілдіктер мен преференциялар беру үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"Келісім 24 бапты қамтитын үш тараудан тұрады. Келісімге сәйкес, көрмеге қатысушы елдің секция комиссары мен штаттық қызметкерлері барлық салық төлемдері мен алымдарынан, сондай-ақ секция комиссары кедендік төлемдер мен алымдардан босатылады. Үшінші, секция комиссарының барлық қызметкерлеріне, оның ішінде отбасы мүшелеріне тегін бір жылдық визалар беріледі. Төртінші, бұл келісім аясында секция комиссары мен оның қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне де преференциялар қарастырылған. Бесінші, Қазақстан аумағында ресми қатысушылардың жүргізуші куәліктері заңды деп танылады. Көрмеге ресми қатысушылардың Қазақстанның мемлекеттік органдарымен қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету үшін қауырт желісі бар "бір терезе" қағидасы бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын бірыңғай орталық құрылады", - деді А.Волков.

Келісімде қарастырылған жеңілдіктер мен преференциялар 2016 жылдың 1 наурызынан күшіне еніп, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады. Ал кедендік жеңілдіктер 2018 жылдың 9 наурызынан кейін күшін жояды.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!