Назарбаев Қазақстандағы ең ірі Carrefour гипермаркетінде болды

Фотография - Назарбаев Қазақстандағы ең ірі Carrefour гипермаркетінде болды

Елбасы Алматыдағы Grand Park Almaty сауда орталығында болып қайтты

467 0

16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almaty сауда орталығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі Carrefour гипермаркетінде болып қайтты, деп жазады Today.kz.

Гипермаркетте 450 адам қызмет етеді, кейін штат саны 600 адамға дейін кеңейтілмек. Сегіз мың квадрат метр жерді алып отырған орында 40 мыңға жуық тауарлар қойылған: азық-түлік, мата, электроника, тұрмыс техникасы. Бұнда құйылған инвестиция көлемі бес миллиарде теңгені құраған.

Carrefour Қазақстанда Majid Al Futtaim компаниясымен ұсынылған, ол Таяу Шығыс, Африка мен Орталық Азияның 38 елінде франшизаға ие. 2014 жылы бұл компанияның табысы 100,5 миллиард еуро болған.

Мұның алдында хабарланғандай, 2018 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы Leroy Merlin гипермаркеті, ал жақын арада McDonalds мейрамханалар желісі ашылмақ. Ал өткен жылдың соңында қалада бірнеше Starbucks кофеханалары ашылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!