Алматы әуежайның басшылығы қиындықтары жайында Назарбаевқа айтты

Фотография - Алматы әуежайның басшылығы қиындықтары жайында Назарбаевқа айтты

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Алматыда жүр

293 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жұмыс сапары барысында халықаралық әуежайдың жетекшілерімен кездесті. Кездесу кезінде әуежайдың басшылығы өз проблемалары туралы айтты, деп жазады Today.kz.

"Өткізу мүмкіндігі – сағатына 1 600 жолаушы, жылына бес миллион. Қалыпты адам ағымы үшін бұл болады, алайда, екінші терминал салу керек. Жолаушылар қабылдайтын орындар жеткіліксіз, кеден мен шегара бойынша бәрі дұрыс, екі жолақ жұмыс істеп тұр, жөндеуден өткізу керек. Осы жылы жолаушылар ағымы азаяды деп отырмыз – 4,5 миллионға дейін", - деп түсіндірді "Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ директоры Айбол Бекмұхамбетов.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әуежайға қаржы күтпей, бұл проблемаларды қазір шешуге кеңес берді.

Мұның алдында, Алматыға жұмыс сапары барысында Назарбаев Grand Park Almaty сауда орталығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі Carrefour гипермаркетінде болып қайтқаны хабарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!