Алматыдағы кездесу барысында қойылған сұрақ Назарбаевтың ашуына тиді

Фотография - Алматыдағы кездесу барысында қойылған сұрақ Назарбаевтың ашуына тиді

Кездесу барысында ЖОО ректоры Ескендір Бейсембетов Елбасына мемлекеттік сатып алудың қиындықтары туралы айтып берді.

1475 3

Қазақстан президенті Нұсрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жұмыс сапары барысында кеңес өткізіп, Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Қазақстан-Битан техникалық университетінің басшылығымен әңгімелесті. Кездесу барысында ЖОО ректоры Ескендір Бейсембетов Елбасына мемлекеттік сатып алудың  қиындықтары туралы айтып берді, деп жазады Today.kz.

Бейсембетов мемлекеттік сатып алу механизмінің іске асыру қиындығын атады, осының салдарынан оқу орындарында қолайсыздық туындайтынын жеткізді. Ол қажетті заттарды жеңілдетілген механизм бойынша сатып алуға мүмкіндік болғанын қалайтынын және мемлекеттік сатып алу Қазақстаннан жеңілірек еуропалық елдерді мысал етті.

Президент қатты жауап қайтарды.

"Сіз шетелге барып, онда қалай жұмыс істейтінін көріп жүрсіз. Өздеріңізде осылай неге істемейсіздер? Егер экономикаға қажетті жаңалық болса неге ендірмейсіңдер? Үкімет қашан осыған қаржы жұмсайды деп күтесіздер. Балалар бақшасынан бастап үрдісті оңтайландыру қажет, адамдар жұмыстарына бара алу үшін. Мен балалар жәрдемақысына күн көріп отырған ер адамдарды түсінбеймін. Мәселені шешіңіздер, сол үшін Алматыда кеңес құрып, маған естірту керек болды ма?" – деді Назарбаев.

Мұның алдында, Алматыға жұмыс сапары барысында Назарбаев Grand Park Almaty сауда орталығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі Carrefour гипермаркетінде болып қайтқаны хабарланған. Сонымен бірге Елбасы әуежай басшылығымен де кездесу өткізді.

Қала басшылығымен кездесу барысында Президент авто жолдардың сапасы мәселесін көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев "басшылар жүретін жолды жалай бермей",  қаржыны арта қалып келе жатқан аудандарға жұмсауды тапсырды.



Загрузка...

Пікір (3)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Руслан 16 ақп. 2016

Казакша матинде ел басынын есими кате жазылган. Соган ман берсендер жаксы болар еди)))

Жауап беру


Руслан 16 ақп. 2016

Казак улттык техникалык зерттеу университети деп аталады казир.

Жауап беру


Айдана 17 ақп. 2016

қате көп қой! Жазған адам кішкене қырағы болыңыз.

Жауап беру