Облыс имамдарының кезекті басқосуы болды

Фотография - Облыс имамдарының кезекті басқосуы болды

Павлодар облыстық орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде барлық қала, аудан имамдарының 2016 жылғы алғашқы жиналысы өтті.

274 0

Павлодар облыстық орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде барлық қала, аудан имамдарының 2016 жылғы алғашқы жиналысы өтті. Жиналысты ашып сөйлеген  сөзінде өкіл имам Н. Исенов ҚМДБ-нан биылғы жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы ретінде  атап "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын" халық арасында насихаттауды жалғастыру; аудан және ауыл имамдарынан имамдар форумында қабылданған төрт құжат, сондай-ақ діни басқарманың "2020 жылға дейінгі діни білім беру", "2020 жылға дейінгі даму" тұжырымдамалары және "Дін мен дістүр" кітабы бойынша емтихан алу; өңірлердегі сайттардың ағартушылық жұмыстарына баса көңіл бөлу, үстіміздегі айда "Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық!" тақырыбында қайырымдылық іс-шаралар өткізуді тапсырып отырғаныны айта келе, бұл жұмысты бірлесіп барынша жан-жақты өткізуге тиіспіз деді

Фото -

Келесі кезекте жиналыстың күн тәртібі бойынша үстіміздегі жылғы қаңтар айында қала, аудандық мешіттерінде төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстар туралы қалалық және аудандық мешіт имамдарының қысқаша баяндамалары, төрт бағыт бойынша мешіт имамдарының апталық есептерді жолдау нәтижелері және есепті жаңаша беру тәртібі туралы "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің  наиб имамы Қ. Қабаев, діни сауат ашу курстарын ҚМДБ-ның "2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту" тұжырымдамасына сай ұйымдастыру туралы наиб имам Х.Аманқұлов, мешіттердегі жастар ісі бөлімдерінің жұмысын жаңаша ұйымдастыру және атқарылған жұмысты апталық есепте уақытылы көрсету туралы жастар ісі бөлімінің меңгерушісі А.Оралқанов, ҚМДБ-ның мерзімдік басылымдары "Иман" журналы мен "Ислам және өркениет" газетіне, сондай-ақ облыстық газеттерге мешіттердің имамдары мен имам-молдаларының мақалаларын ұйымдастыру туралы баспасөз хатшысы А.Тойшыбайұлы, мешіттерде діни іс-қағаздарын жүргізуге қойылатын талаптар және орталық мешіттен жолданған хат-хабарларға уақытылы жауап беру туралы аппарат басшысы У.Мақұлұлының  баяндамалары тыңдалды.

Имамдар басқосуы сауапты істерді жүзеге асыруға бірауыздан пәтуаласып тарқады. 

Фото - Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!