Дәурен Абаев Президенттің тілге қатысты ескертуіне түсініктеме берді

Фотография - Дәурен Абаев Президенттің тілге қатысты ескертуіне түсініктеме берді

Президент орысша сөйлеген адамға қазақша жауап берген шенеуніктерді жұмыстан шығаруды тапсырды

657 0

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев кешегі күні Алматы басшылығымен кездесу барысында айтқанына байланысты пікірін білдірді. Кеңес барысында, Президент тілдік тұрғыда кемсіту мәселесіне назар аударған болатын. Нақты айтқанда, орыс тілінде сөйлеген адамға қазақша жауап беретін шенеуніктерді жұмыстан шығаруды тапсырды.

"Өз сөзінде Президент мемлекеттік қызмет көрсете отырып, азаматтардың сұраныс тілін ескеруі қажеттігін нақты айтты. "Тіл туралы" заңда "мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар азаматтар сұранысы мен өзге құжаттарға жауаптар мемлекеттік тілде немесе сұраныс тілінде беріледі" деп жазылған, - деп еске салды Абаев. – Шенеуніктердің заңнын бір тұсын ғана ескеретін жайлар болады. Президент сөзін дәл осындай жылпос шенеуніктерге бағыттаған. Президент орыс тіліне байланысты мысал келтіргенімен, бұл қазақ тілінде жауап қайтара алмайтын жағдайларға да қатысты. Сондықтан бұл тақырыпта алаңдаушылықтар негізсіз. Мемлекеттік тілді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты және оны кез-келген түрде кемсіту Қазақстанның ұлттық мүдесіне қайшы".

Естеріңізге салсақ, кездесу 16 ақпан күні Алматыда өткен.

"Хотят забежать вперед и заставить всех говорить на казахском, но мы - многонациональная страна, и мы приняли этот факт. (…) Куда прокуратура смотрит? Если гражданин обратился на русском, значит, ответ должен быть предоставлен на русском", - деген болатын Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!