Б.Сағынтаев Грузия Премьер-Министрі Георгий Квирикашвилимен кездесті

Фотография - Б.Сағынтаев Грузия Премьер-Министрі Георгий Квирикашвилимен кездесті

ҚР бірінші вице-премьері сондай-ақ, Грузиядағы Бүкіләлемдік банкінің Doing Business рейтінгі аясында өткізілетін реформалармен танысты

127 0

Сәрсенбі күні Тбилиси қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Грузия Премьер-Министрі Георгий Квирикашвилимен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.  


Тараптар Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық қатынасын, өнеркәсіп саласы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті, екі елдің транзиттік әлеуетін қолдану, оның ішінде Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын дамытуды және өзара инвестицияны қорғау мәселелерін талқылады.


ҚР бірінші вице-премьері сондай-ақ, Грузиядағы Бүкіләлемдік банкінің Doing Business рейтінгі аясында өткізілетін реформалармен танысты.


Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилимен

келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық әріптестікті жандандыру мәселелері қаралды.


ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев сонымен бірге Батуми теңіз портының және "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі мұнай терминалы жұмысымен танысты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!