Назарбаева міндетті медециналық сақтандыру жарамсыз деуге болмайтынын айтты

Фотография - Назарбаева міндетті медециналық сақтандыру жарамсыз деуге болмайтынын айтты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары міндетті әлеуметтік медециналық сақтандыру жүйесінің артықшылығын түсіндіруде

480 0

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Десаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне міндетті әлеуметтік медециналық сақтандыру жүйесінің артықшылығын түсіндіруді тапсырды, деп жазады Today.kz. Сонымен қатар, ол Қазақстанда бұл жүйені енгізудің алғашқы талпынысы кезінде кеткен қателіктерді атап кетті.

"Біз әлеуметтік медециналық сақтандыру жүесі енетінін білеміз. Талдаулар мен қорқыныштар көп, оның ішінде әділсіз талқылаулар бар, - деп атап өтті Дариға Назарбаева, министрлік коллегиясында айтқан сөзінде. – Сондықтан, әрине, мұнда мынаны түсінген жөн: медециналық сақтандыру не үшін керек екені, оның үстіне бізде бұл болған. Бірақ, бұдан біз жағымсыз нәтиже алғанбыз: ақша жымқырылды, адамдар қашып кетті, меніңше, сол күйі жазасыз қалды. Алайда, медециналық сақтандыру жүйесі ештемеге жарамсыз деуге болмайды. Сол кезде кеткен қателіктерді ескеру керек те, алға жылжуымыз керек".

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медециналық сақтандыру қоры өз жұмысын бастайды. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап төлеуші болып, азаматтарға денсаулық сақтау пакетінің аясында қызмет көрсетеді.

Іске қосылатын сақтандыру жүйесі қазақстандықтарға пайдалы болу мүмкіндігіне ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов баға берген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!