Екпеден бас тарту эпидемиологиялық ахуалға кері әсер етеді

Фотография - Екпеден бас тарту эпидемиологиялық ахуалға кері әсер етеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты

480 0

Екпеден бас тарту еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ауырлатады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты.

 Инфекциямен күресте вакцинаның тиімді әрі қолжетімді әдіс екенін ескерткен министр профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі - жұқпалы 21 аурудың алдын алуға арналғанын атап өтті. Халықты иммундау шарасы тегін жүргізіледі және жыл сайын 8 миллионнан астам адамға егіледі. Алайда соңғы жылдары екпеден бас тарту жиілеп кетті. «Бұл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін», - деді Тамара Дүйсенова. Осыған орай министрлік «Жол картасын» әзірлеген. Биыл іске асатын жобада вакциналау барысында туындайтын түйткілдерді анықтау және оларды жою жолдары қаралған.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!