Деутаттыққа кандидаттар арасында 89 жасар қария бар - ОСК

Фотография - Деутаттыққа кандидаттар арасында 89 жасар қария бар - ОСК

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

326 0

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 11 133 кандидат ұсынылды.

"Бүгін мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. 23 ақпанға дейін ұсылған кандидаттарды тіркеу жалғасады. 24 ақпаннан бастап мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталады", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, жалпы республика бойынша 11 133 кандидат ұсынылды. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрап отыр. Кандидаттардың 68,6 пайызы өзін-өзі ұсынғандар, ал қалған 31,4 пайызын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды.

1 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына дауысқа түсуде. Аудандық мәслихатттарға - 7 085 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 140 кандидат ұсынылды.

"Кандидаттардың 75,1 пайызының жоғары білімі бар. Көпшілігі - мұғалімдер, инженерлер мен экономистер. Кандидаттардың орташа жасы - 43,6 жас. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық мәслихатына ұсынылып отыр. Оның жасы   89-да", - деді Қ.Тұрғанқұлов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!