ҚР Парламент Мәжілісіне кандидаттардың сайлау алды жарысы басталды

Фотография - ҚР Парламент Мәжілісіне кандидаттардың сайлау алды жарысы басталды

ОСК сайлау алды насихатты жүргізу тәртібі мен шарттары туралы айтып берді

1095 0

20 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау алды насихат жүргізу басталды, деп жазады Today.kz. Осы күннен бастап, саяси партиялардың жаңалық және сараптамалық бағдарламаларынан басқа, мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат партиялардың сайлау қорынан төленеді. Сайлау қорын құрмаған азаматтар, қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды талап етпейтін үгіт-насихат жүргізуіне болады.

Ешқандай партияның бәсекелестерінің алдында артықшылығы болмауы керек. БАҚ өкілдері бір партиямен келісімге келе отырып, басқа да сайлау алды жарыс қатысушылармен автоматты түрде келіскен болып есептеледі. Кандидаттардың сөзін үзіп тастау мен сөзінен кейін бірден пікір білдіруге тиым салынады.

"Сайлау алды насихатты жүргізе алмайтындар: мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдары және олардың қызметтік тұлғалары; әскерилер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен судьялар; сайлау комиссиясы мүшелері; діни бірлестіктер. Сонымен бірге, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар да үгіт жүргізе алмайды", - деп хабарлады ҚР ОКҚ-дегі брифинг барысында ОСК мүшесі Ләззәт Сүлеймен.

Қоғам пікірін сұрастыру нәтижелерінде оған тасырыс беруші мен ұйымдастырушысы туралы, өткізген уақыты, қойылған сұрақтар, шараны өткізу әдісі, қатысушылар саны мен кетуі мүмкін кемшіліктер туралы ақпарат болуы керек. Саулаға дейінгі бес күн мен сайлау күні сауалнама нәтижелерін жариялауға тиым салынған.

Жиі пайда болатын сұрақтарға жауап Орталық сайлау комитетінің сайтында, "сұрақ-жауап" бөлімінде берілген. Рубрикада саулауды жария ету мен БАҚ үшін сайлау алды компания бойынша да нақты ұсыныстар бар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!